Kurumsak Minerals

Компания «Жылына қуаттылығы 10 000 тонна V2O5 өндіру бойынша байыту фабрикасын салу» жобасын іске асыру мақсатында құрылды. Кенді қайта өңдеу жылына 1,2 млн. тоннаны құрайды.

300 млн. тонна

Құрымсақ әлемдегі ең ірі ванадий кен орындарының бірі болып табылады

0.96%

Бастапқы рудадағы V2O5 құрамы

$ 180 млн.

CAPEX

$ 3,89

OPEX (күтілуде)

> $ 1B

NPV

40% IRR

Жобаның табыстылығы

2800 п.м.

бұрғылаудың 2022 жылға арналған жалпы көлемі

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Компания «Жылына қуаттылығы 10 000 тонна V2O5 өндіру бойынша байыту фабрикасын салу» жобасын іске асыру мақсатында құрылды. Кенді қайта өңдеу жылына 1,2 млн. тоннаны құрайды.

Бүгінгі таңда тарихи ұңғымалардың тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұрғылаудың жалпы көлемі 2800 п.м. құрайды. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша мынадай есептер әзірленеді:

JORC Resources Inferred – SRK consulting жұмыстарының құрамында (бұрғылау және тарихи деректерді салыстыру нәтижелері, сондай-ақ минералдану сипаты ескеріледі). Scoping Study-Coffey Tetra Tech жұмыстарының құрамында (минералды ресурстарды игерудің ықтимал техникалық-экономикалық негіздемесі).

Жұмыстың келесі кезеңінде ресурстық бұрғылау жүргізу көзделген, бұрғылаудың жалпы көлемі шамамен 16 000 п.м. Бұл жұмыстардың нәтижесі бойынша мынадай есептер әзірленетін болады: JORC Reserves Indicated — SRK consulting жұмыстарының құрамында (JORC стандарттары бойынша толыққанды есеп). Pre-Feasibility / Feasibility study — Coffey Tetra Tech жұмыстарының құрамында (жобаның орындылығын анықтау; шығындар мен нәтижелерді талдау), қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның (ҚМК) стандарттарына сәйкес балансқа қою.

Тарихи жұмыстардың қысқаша мазмұны:

Кен орнының минералдануы ассиметриялық қатпарларға деформацияланған ірі стратиформды денелермен ұсынылған. Минералданудың қарапайым геометриясы және созылу құрамының жақсы ұзындығы айқындалған. Кен орны ҚМК жіктемесі бойынша (күрделі емес геологиялық құрылымы) бірінші күрделілік тобына жатқызылған. Ілеспе элементтер, атап өткенде Ta, Ni, Re, Rb, Se, Ga, Ge және лантанидтер бар. Тереңдеген сайын ванадий мөлшері азаяды: тотыққан минералданудың орташа мөлшері 0,96% V2Os, бастапқы-0,7% V2O5.

Кен түрі

Кен қоры, млн. т.

Орташа құрамы

Металл мөлшері

V2O5, %

U, %

Mo, %

Ag, g/t

ZREM, %

V2O5, т

U, т

Mo, т

Ag, т

ZREE, т

Тотыққан

13.4

0.96

0.02

0.02

4.13

0.052

128227

2671

2671

55

6945

Бастапқы

120.2

0.7

0.02

0.02

4.13

0.052

841518

24 043

24043

496

62513

БАРЛЫҒЫ

133.6

0.83

0.02

0.02

4.13

0.052

935020

26 714

26714

551

69458

КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құрымсақ кен орнында бұрғылаудың бірінші кезеңі аяқталды

Құрымсақ кен орнында бұрғылаудың бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Бұрғылау озық технологияларды қолдана отырып жүргізілген және 1946 жылдан 1951 жылға дейінгі тарихи деректерден жасалған цифрландырылған және

КӨБІРЕК »

Құрымсақ кен орнына жұмыс сапары

1 маусымда «Kurumsak minerals» ЖШС директоры жұмыс сапары барысында SRK Consulting (Қазақстан) ltd компаниясының өкілі Григорий Грановский және «GeoContract» ЖШС мердігер ұйымының директорымен бірге Құрымсақ

КӨБІРЕК »

Байланыстар

+7 (727) 376 67 10

info@yasaiholding.com