AralSoda

«АралСода» ЖШС Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан «Қуаттылығы жылына 300 мың тонна кальцийленген сода өндіретін зауыт құрылысы» жобасын жүзеге асыруда.

Орналасқан ЖЕРІ

Қызылорда облысы Арал ауданы

1 200

Зауытта 700, сервистік компанияларда 500 қызметкер

$275 МЛН.

Жобаның құны, $7 млн. астам игерілген

Шикізат базасы

Су, әктас және тұз

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағында кальцийлендірілген сода өндірісі жоқ. Тұтыну көлемі жылына 400 мың тоннаға жуық, Ресей Федерациясы мен Өзбекстаннан импортталады. Сондықтан қазақстандық өндірушілер өнім импортына тікелей тәуелді.

Қызылорда облысының әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағынан күрделі Арал өңірінің аумағында жобаны іске асыру өз кезегінде ел мен өңір үшін бірқатар маңызды проблемаларды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің үндеуінде қозғалған әлеуметтік, экономикалық, өнеркәсіптік және мемлекеттік міндеттерді шешетінін атап өту қажет.

Бұл зауыттың құрылысы: зауыт ішінде ғана 800-ге жуық қосымша жұмыс орындарын құруға, валюталық капиталдың жылыстауын азайтуға немесе алдын алуға (жылына 120 миллион доллардан астам), жергілікті табиғи ресурстарды тартуға, салық түрінде бюджетке ақша қаражатының түсуін жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл зауыт өңірдің ғана емес, бүкіл республиканың құраушы кәсіпорны болады. Сондай-ақ кальцийленген сода аса маңызды шикізат компоненттерінің бірі болып табылатын өнеркәсіптің дамуына серпін береді.

КОМПАНИЯНЫҢ МИССИЯСЫ

Қазақстан Республикасында химия өнеркәсібін дамыту

КОМПАНИЯ ТАРИХЫ

2015

2015 жылы қуаттылығы жылына 200 мың тонна зауыт құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуші «НиоХим» мемлекеттік мекемесінің (Украина) мамандандырылған жобалау институты болып табылады. Кальцийленген сода зауытын, шлам қоймасын, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым объектілерін (жалпы ауданы 1000 га астам) орналастыру үшін жер учаскелері алынды.

2017

2017 жылы кәсіпорынның орналасқан жерін және басқа да мәселелерді терең талдағаннан кейін қуаттылығы жылына 300 мың тонна зауыт құрылысының ТЭН әзірленді.

2017-2020

2017-2020 жылдары зауыт, сондай-ақ өнеркәсіптік сарқынды суларды жинауға арналған шлам қоймасы құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы толық көлемде әзірленді («Жоба» кезеңі). Кальцийленген сода өндірісінің технологиялық бөлігін әзірлеуші ретінде China Tianchen Engineering Corporation (ҚХР) тартылды. Өндірістің технологиялық бөлігінің шешімдерін бейімдеу үшін, сондай-ақ жылу электр станциясын, шламды сақтау қоймасының алаңнан тыс объектілерін және т.б. құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін «НИПИ нефтегаз» АҚ (Қазақстан) қатыстырылды. Мемлекеттік органдардың барлық қажетті келісімдері, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық және құрылыс сараптамасының қорытындылары алынды.

Осы кезеңде инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуға ЖСҚ әзірленді (темір жол тұйықтары, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, телефонизация). Бұл нысандарды салуға мемлекет есебінен жалпы құны 4,8 млрд теңгеге келісім алынды. Барлық нысандардың құрылысы басталды.

ШИКІЗАТ БАЗАСЫ

«АралСода» ЖШС кен орындары бойынша үш лицензияның иегері болып табылады:

Су. Зауытты техникалық сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын пайдалану мақсатында «АралСода» ЖШС 2020 жылғы 28 ақпандағы №29-ГИН(ПВ) жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия алды (жобаланатын зауытты қамтамасыз ету үшін техникалық суды одан әрі өндірумен барлауға лицензия).

Әктас. Жобаны шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында компания Төлегенсай әктас кен орнын (Ақтөбе облысы) барлауға 2019 жылғы 12 ақпандағы №39-ЭЛ лицензиясын алды. Төлегенсай кен орнына лицензияны пайдалану барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорларды бекіту жұмыстары жүргізілді. Зауытты пайдаланудың бастапқы кезеңінде күрделі шығындарды қысқарту мақсатында жұмыс істеп тұрған «Өтегенское» (Ақтөбе облысы) кен орнынан әктасты пайдалану жоспарлануда.

Ас тұзы. Ас тұзын өндіруді қосымша қамтамасыз ету мақсатында компания 2021 жылғы 22 ақпандағы 1232-EL және 2021 жылғы 24 ақпандағы 1251-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алды. Кен орны-Индер көлі

Индер көлінде ас тұзын барлауға арналған лицензиядан басқа, «АралСода» ЖШС — «Аралтұз» АҚ бас компаниясында Жақсықылыш кен орнында ас тұзын өндіруге арналған қолданыстағы лицензия бар. «Аралтұз» АҚ —  Қазақстан Республикасындағы 90 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар техникалық және тағамдық ас тұзын ірі өндіруші. 

КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құрымсақ кен орнында бұрғылаудың бірінші кезеңі аяқталды

Құрымсақ кен орнында бұрғылаудың бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Бұрғылау озық технологияларды қолдана отырып жүргізілген және 1946 жылдан 1951 жылға дейінгі тарихи деректерден жасалған цифрландырылған және

КӨБІРЕК »

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАР

Құрметті қазақстандықтар! Алдағы келе жатқан Жаңа жылмен ыстық және шынайы құттықтауларымызды қабыл алыңыз! Бүгін, жаңа жыл қарсаңында YASAI HOLDING өмірдің жаңа бетін сенімді түрде ашып

КӨБІРЕК »

БАЙЛАНЫСТАР

+7 727 341 05 07

info@aralsoda.kz