
ЕҚДБ қазақстандық тұз өндірушіге 5,5 млрд теңге несие берді
«Аралтұз» АҚ жаңа өндіріс орындарын салып, экспортты әртараптандырмақ Аралтұз – Орталық Азиядағы ас және техникалық тұзының жетекші өндірушісі. Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ)
Кальцийленген сода өндіру зауыты
Ішкі нарықты негізгі химиялық шикізатпен қамтамасыз етуге және Арал өңірінде жаңа индустриялық кластерді қалыптастыруға бағытталған Қазақстанда алғашқы кальцийленген сода өндірісін құру жөніндегі стратегиялық өнеркәсіптік жоба.
ҚР, Қызылорда облысы, Арал ауданы
Зауытта 700 және сервистік компанияларда 500
$275 МЛН.
Су, әктас және тұз
Қазақстанда жыл сайын кальцийленген сода тұтыну шамамен 400 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар, жеке өндіріс жоқ және бүкіл көлем Ресей мен Өзбекстаннан импорт есебінен жабылады.
Қызылорда облысының Арал өңірінде зауыт құрылысы басым әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге және отандық өнеркәсіпті дамытуға бағытталған.
Зауыт құрылысы мерзімі, құны, қуаты және өнім сапасы бойынша белгіленген параметрлері бар «толығымен аяқталған» EPC-келісімшарт моделі бойынша жоспарлануда.
Бұл зауыт өңірдің ғана емес, бүкіл республиканың құраушы кәсіпорны болады. Сондай-ақ кальцийленген сода аса маңызды шикізат компоненттерінің бірі болып табылатын өнеркәсіптің дамуына серпін береді.
«НиоХим» ММ (Украина) мамандандырылған жобалау институты қуаттылығы жылына 200 мың тонна зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірледі.
Нарықты қосымша талдау қорытындысы бойынша жаңартылған ТЭН дайындалды. Зауыттың жобалық қуаты жылына 300 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.
Конкурстық құжаттама дайындалып, EPC-келісімшарт жобасы әзірленді.
ENR Top 250 рейтингіне кіретін жетекші халықаралық компаниялардың қатысуымен EPC-мердігерді таңдауға тендер өткізілді. Жобаны басқару жөніндегі Кеңесшіні (PMC) таңдау конкурсы өткізілді.
«АралСода» ЖШС кен орындары бойынша үш лицензияның иегері болып табылады:
Су. Зауытты техникалық сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын пайдалану мақсатында «АралСода» ЖШС 2020 жылғы 28 ақпандағы №29-ГИН(ПВ) жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия алды (жобаланатын зауытты қамтамасыз ету үшін техникалық суды одан әрі өндірумен барлауға лицензия).
Әктас. Жобаны шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында компания Төлегенсай әктас кен орнын (Ақтөбе облысы) барлауға 2019 жылғы 12 ақпандағы №39-ЭЛ лицензиясын алды. Төлегенсай кен орнына лицензияны пайдалану барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорларды бекіту жұмыстары жүргізілді. Зауытты пайдаланудың бастапқы кезеңінде күрделі шығындарды қысқарту мақсатында жұмыс істеп тұрған «Өтегенское» (Ақтөбе облысы) кен орнынан әктасты пайдалану жоспарлануда.
Ас тұзы. Ас тұзын өндіруді қосымша қамтамасыз ету мақсатында компания 2021 жылғы 22 ақпандағы 1232-EL және 2021 жылғы 24 ақпандағы 1251-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алды. Кен орны-Индер көлі
Индер көлінде ас тұзын барлауға арналған лицензиядан басқа, «АралСода» ЖШС — «Аралтұз» АҚ бас компаниясында Жақсықылыш кен орнында ас тұзын өндіруге арналған қолданыстағы лицензия бар. «Аралтұз» АҚ — Қазақстан Республикасындағы 90 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар техникалық және тағамдық ас тұзын ірі өндіруші.

«Аралтұз» АҚ жаңа өндіріс орындарын салып, экспортты әртараптандырмақ Аралтұз – Орталық Азиядағы ас және техникалық тұзының жетекші өндірушісі. Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ)

Құрымсақ кен орнында бұрғылаудың бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Бұрғылау озық технологияларды қолдана отырып жүргізілген және 1946 жылдан 1951 жылға дейінгі тарихи деректерден жасалған цифрландырылған және

Құрметті қазақстандықтар! Алдағы келе жатқан Жаңа жылмен ыстық және шынайы құттықтауларымызды қабыл алыңыз! Бүгін, жаңа жыл қарсаңында YASAI HOLDING өмірдің жаңа бетін сенімді түрде ашып