Биылғы жылы «Аралтұз» АҚ өнім сапасына жоғары талаптар қоятын заманауи тұтынушыға бағытталған «OZERO» брендімен нарыққа жаңа өнімдерді шығарды.
«OZERO» брендінің өнімдері 100% табиғи, экологиялық таза өнімдер. Олардың өндірісінде компания химиялық заттарды, ағартқыш қоспаларды және тығыздалуға қарсы агенттерді пайдаланбайды. «OZERO» тұзы иммундық жүйені жақсы күшейтеді – ол магнийге, кальцийге бай және олардың мөлшері тұздың басқа түрлеріне қарағанда сәл жоғары. «OZERO» бренді заманауи сапа талаптарына толық сәйкестікте шығарылады және ЭКО, БИО, HALAL сертификаттары бар.
Тұзды көлден ашық әдіспен өндіретіндіктен, «OZERO» атауы өнімнің табиғи шығу тегі мен органикалық екендігін көрсетеді.
«OZERO» брендінің желісі екі мақсатқа арналған тағамдық тұзды қамтиды: суық тағамдарға арналған тұз (салаттар, жеңіл тағамдар) және ыстық тағамдарға арналған тұз (ыстық тағамдар).
TABLE SALT – ұсақ ұнтақталған тұз (№0) суық тағамдарды әзірлеуге арналған, тез ериді, құрамында тығыздалуға қарсы зиянды қоспалар жоқ. Кішкентай кристалдардың арқасында дастархандағы тағамдарды, салаттарды, суық жеңіл тамақтарды тұздауға жарайды. Көл тұзындағы пайдалы минералдар тұзды керемет тағамдық қоспа ғана емес, сонымен қатар функционалды етеді. Ішке қабылдағанда йод тапшылығы ауруларының – эндемиялық зобтың – қалқанша безінің ұлғаюының алдын алуға көмектеседі.
LAKE SALT — орташа ұнтақталған тұз (№1), пайдалы минералдары бар, зиянды қоспалары жоқ, ыстық тағамдарды дайындауға өте ыңғайлы. Көл тұзы ыстық тағамдардың барлық түрлеріне арналған. Барлық дерлік рецепттер әдетте қасықтар санында көрсетілген нақты осы ұнтақтаудың нормасына негізделген.
ДӘМДЕУІШТЕР ЖИЫНТЫҒЫ – бүкіл әлем рецептерінде қолданылатын классикалық негізгі дәмдеуіштерден: ас тұзынан, қара және қызыл бұрыштан, хош иісті түйіршіктелген сарымсақтан құралған «OZERO» брендінің бірегей имидждік өнімі. Әр халықтың ұлттық тағамдарының басқалардан ерекшеленетін өзіндік әзірлеу дәстүрі мен дәмдік ерекшеліктері бар. Бірақ географиялық орналасуына, мәдениетіне және ұлтына қарамастан барлық халықтар қолданатын дәмдеуіштер бар! «OZERO» жиынтығында әлемнің барлық елдерінің рецепттерін біріктіретін дәл осындай дәмдеуіштер жиналған!
«OZERO» әзірлеуінде тауардың дизайны мен қаптамасына ерекше назар аударып, мұқият қарады. Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі тұтынушылардың қазіргі таңдағы талғамдары зерттелді, оның ішінде ыдыстардың экологиялық тазалығы да зерттеліп, өнім қаптамасының ең эргономикалық, сұранысқа ие түрлері анықталды. Үйде қолдану үшін «TABLE SALT» және «LAKE SALT» салмағы 500 және 1000 граммдық ыңғайлы полипропилен қаптамаға салынды. Табиғатқа шығу үшін көлемі 300 граммдық zip-құлпы бар дойпак немесе салмағы 250 грамм мөлшерлегіші бар тубус алу ыңғайлы болады. Көлемі 1000 граммдық «Lake salt» экологиялық таза крафт қаптамасы ең алдымен табиғатты қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті ойлайтын, экологиялық таза және қымбатырақ өнімдерді пайдаланатын саналы тұтынушыларға арналған. Картон қораптағы көлемі 400 грамм дәмдеуіштер жиынтығы сөреде стильді көрінеді және барлық жағдайларға тамаша сыйлық болады!
«OZERO» көбірек дәм қосыңыз!