Ақжар-Сарытұма кен орнында іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталды және тауардын алғашқы тиелімі жүзеге асырылды

Қарағанды және Жамбыл облыстарының шекарасында орналасқан Ақжар-Сарытұма кен орнында модульдік байыту қондырғысында (бұдан әрі — МБҚ) іске қосу — реттеу жұмыстары аяқталды және марганец концентратын алғашқы тиелімі жүргізілді.

«МБҚ құрылысы өз саласындағы көп жылдық тәжірибесі бар үздік мамандарды тарта отырып 10 ай бойы жүргізілді. Іске қосу-жөндеу жұмыстарын 1 мамырдан бастаған болатынбыз. Осы уақыт ішінде марганец кенін тұндыру жүйесі, су-шлам схемасы құрылды, марганец кенін беру жүйесі қалыпқа келтірілді. Барлық жұмыстар аяқталған соң, осы жылдың 1 шілдесінде біз МБҚ іске қостық», — деді «Adelya Mining» ЖШС директоры Айдынбек Тауасаров.

Оның айтуынша, МБҚ жұмысының алғашқы айында Қарағанды қаласындағы «Asia FerroAlloys» ЖШС үшін 3000 тонна көлемінде марганец концентратының бірінші партиясын тиелімі жүзеге асырылды. Жеткізу теміржол арқылы жүзеге асырылады. Айына 5000 тонна концентрат көлемінде шикізат көлемін арттыру 2023 жылдың сәуіріне жоспарланған.

Өндірістік процеске сәйкес Ақжар-Сарытұма кен орнының кендерін қайта өңдеу технологиясы кондициялық концентраттардың екі түрін қамтиды: 10-50 фракциялары — құрамында Mn 36%; 0-10 фракциялары – құрамында Mn 31% болатын кендерді тұндыру әдісімен байытуды көздейді. Кенді қайта өңдеу келесі сатылар бойынша жүргізіледі: кенді қабылдау, ұсақтау-сұрыптау модулінде ұсақтау және елеу, конусты ұсатқышта ұсақтау-сұрыптау модулінде ұсақтау, дымқыл сыныптау, тұндыру машинасында ірі сыныпты байыту, ірі байыту модулінде концентратты, өнеркәсіптік өнімді және жеңіл фракцияны електен өткізу, тұндыру машинасында ұсақ сыныпты байыту, ұсақ байыту модуліндегі концентратты және жеңіл фракцияны құрғату, торлы суларды ағарту, дайын өнімді жөнелту. Марганец концентраты өндірісте силикомарганец, ферромарганец сияқты қорытпаларды алу үшін қолданылады.