«Аралтұз» АҚ жаңа өндіріс орындарын салып, экспортты әртараптандырмақ
Аралтұз – Орталық Азиядағы ас және техникалық тұзының жетекші өндірушісі.
- ЕҚДБ Salt Industry Ltd компаниясына 5,5 млрд теңге несие берді.
- Конверттелетін несиені «Аралтұз» АҚ өндірістік қуатын арттыруға бағыттайды.
- Жетекші тұз өндірушісі экспортты әртараптандырып корпоративтік басқаруды жақсартады
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) 5,5 млрд теңгеге (11 млн еуро) айырбасталатын несие беру арқылы Орталық Азиядағы ас және техникалық тұзды өндіру бойынша Қазақстанның жетекші өндірушісі «Аралтұз» АҚ-ның кеңеюіне қолдау көрсетуде.
Қаражат «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясымен жұмыс істейтін «Аралтұз» АҚ холдингінің компаниясы «Salt Industry Ltd.» акционерлік қоғамына беріледі. Бұл қаражат жоғары сапалы вакуумдық тұздың («Экстра» тұзы деп аталатын) отандық өндірісін іске қосу үшін тұзды буландыру зауытын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыруға ықпал ететін болады.
ЕҚДБ несиесі «Аралтұз» АҚ-ға экспорт құрылымын әртараптандыруға және Еуропа, Таяу Шығыс және Қытайдағы қызметін кеңейтуге көмектеседі. ЕҚДБ көмегімен «Аралтұз» АҚ корпоративтік басқаруды жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары да жүзеге асырылатын болады.
ЕҚДБ мен «Аралтұз» АҚ арасындағы кредиттік келісім шеңберінде Қызылорда облысының әкімдігі арасында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің, «Аралтұз» АҚ-ның атынан Директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Мұқашевтің және ЕҚДБ-ның атынан Агробизнес департаментінің директоры Наталья Жукованың атынан ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою Тараптар арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға, өңірде жаңа әлеуметтік және экологиялық стандарттарды енгізуге, сондай-ақ Қызылорда облысы Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады. Бүгінгі таңда ЕҚДБ 320 жоба аясында елге 10,1 миллиард еуродан астам инвестиция салды. Қазақстан ЕҚДБ-ның Орталық Азиядағы ең ірі және ең ұзақ банктік операциясы болып табылады.