«Уштаган – Gold» ЖШС директоры пен жобалық кеңсе ұжымының жұмыс сапары барысында алдын ала танысу мақсатында Баянауыл ауданы әкімдігінің өкілдерімен екіжақты кездесу өтті. Жобаны талқылау барысында тараптар жоспарланған жобаны жүзеге асыруға қатысты бөлігінде алдағы нақты қадамдарды белгіледі.
Сонымен қатар, компания басшылығы Баянауыл ауданында Бүркітті ауылының маңында орналасқан Үштаған кен орнында болды. Бұл жерде кен орны, болашақ фабриканың болжамды орналастыру орны, сондай-ақ карьерлік өндіру алаңы мен қалдық қоймасының ықтимал болатын орналастыру орны қаралды. Электр желілеріне қосудың, сондай-ақ байыту фабрикасының мұқтаждықтары үшін су алудың ең жақын оңтайлы нүктелері алдын ала айқындалды.
«Уштаган – Голд» ЖШС директорының айтуынша, фабрика құрылысын тікелей іске асырғанға дейін әлі де көп нәрсе істеу керек, өйткені кен орны оны игеру және дамыту тұрғысынан өте жас болып табылады. Алайда кен орнына жұмыс сапарынан алған әсер өте жағымды.
«Бүгінде үлкен көлемде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілгенін атап өтуге болады. Осы жылдың қыркүйек айында кен орнындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары аяқталады деп күтудеміз, содан кейін Ұштағанда алтын өндірудің ең оңтайлы технологиясы анықталады», — деді кәсіпорын директоры.