ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАР

Құрметті қазақстандықтар!

Алдағы келе жатқан Жаңа жылмен ыстық және шынайы құттықтауларымызды қабыл алыңыз!

Бүгін, жаңа жыл қарсаңында YASAI HOLDING өмірдің жаңа бетін сенімді түрде ашып өз ұжымымен бірге ең өршіл жоспарлар жасайды, өйткені біз күшті, тәуелсіз, қарқынды дамып келе жатқан мемлекетте өмір сүріп жатырмыз! Біздің ұжымның бірлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында холдинг 2022 жылды жақсы нәтижелермен аяқтап отыр. «Жаңа Қазақстан» – ең алдымен, азаматтың адал еңбегі бағаланатын баршаға ортақ әділ Қазақстан деп сенеміз. Әр саладағы күнделікті, тынымсыз еңбегімен жаңа Қазақстанның гүлденуі мен қалыптасуына үлес қосып жүрген компаниямыздың әрбір қызметкеріне шын алғыс білдіреміз.

«YASAI HOLDING» Сіздерді Жаңа 2023 жылмен құттықтап, амандық, бақ-береке және зор денсаулық тілейді! 2023 жылы алға қойған барлық армандарыңыз, үміттеріңіз, мақсаттарыңыз орындалсын. Жаңа 2023 жылда сіздерге сәттілік пен табыс тілейміз!

Холдинг Президенті,
Мукашев Даурен Рахметович